
Қатынас кодтары
PIN немесе PIN2
коды
(4-8 сан)
Бұл SIM картасын рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды
немесе кейбір мүмкіндіктерді пайдалану үшін талап етіледі.
Қосқан кезде құрылғы PIN кодын сұрайтын етіп реттеуге
болады.
Егер кодтар SIM картасымен бірге берілмесе немесе оны
ұмытып қалсаңыз, қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
Егер кодты үш рет қатар қате енгізсеңіз, кодтың құлпын PUK
немесе PUK2 коды арқылы ашу керек болады.
PUK немесе PUK2
коды
(8 сан)
Бұлар PIN немесе PIN2 кодының құлпын ашу үшін қажет.
SIM картасымен берілмеген болса, қызмет провайдеріне
хабарласыңыз.
IMEI нөмірі
(15 сан)
Бұл желідегі жарамды құрылғыларды анықтау үшін
қолданылады. Бұл санды (мысалы, ұрланған
құрылғыларды) құлыптау үшін де пайдалануға болады.
12
Негізгі қолданыс

IMEI нөміріңізді көру үшін, *#06# нөміріне қоңырау
шалыңыз.
Құлыптау коды
(қауіпсіздік коды)
(ең азы — 4 сан
немесе таңба)
Бұл құрылғыны рұқсатсыз пайдаланудан қорғауға
көмектеседі.
Құрылғыны өзіңіз орнатқан құлыптау кодын сұрайтын етіп
реттеуге болады. Әдепкі құлыптау коды — 12345.
Кодыңызды құпиялы, құрылғыңыздан бөлек жерде
сақтаңыз.
Кодты ұмытып, құрылғыңыз құлыптанса, құрылғыны
жөндеу қажет болады. Сізден қосымша ақы алынуы және
бүкіл жеке деректеріңіз құрылғыңыздан жойылуы мүмкін.
Қосымша ақпарат алу үшін, Nokia Care қызметіне немесе
құрылғының сатушысына хабарласыңыз.