
Қай SIM картаны пайдалану керектігін орнату
Шығыс қоңыраулары, хабарлар және мобильді деректер үшін қай SIM картаны
пайдалануды орнатыңыз. SIM картаға атау берсеңіз, мысалы, қайсысы жұмысқа,
қайсысы жеке пайдалануға арналғанын бірден көруге болады.
Мәзір
>
SIM менеджері
опциясын таңдаңыз.
Мына жерден таңдаңыз:
Әркез сұрау — SIM картасын қоңырау шалу, хабар жіберу немесе мобильді
деректерді тасымалдау кезінде пайдалануды таңдаңыз.
SIM1 — SIM картасын қоңырау шалу үшін, хабар жіберу үшін немесе мобильді
деректерді тасымалдау үшін әдепкі SIM картасы ретінде ішкі SIM карта
ұстауышында пайдаланыңыз.
SIM2 — SIM картасын қоңырау шалу үшін, хабар жіберу үшін немесе мобильді
деректерді тасымалдау үшін әдепкі SIM картасы ретінде сыртқы SIM карта
слотында пайдаланыңыз.
SIM картаның атын өзгерту
SIM1
немесе
SIM2
басып тұрып, қалқымалы мәзірден
Атын өзгерту
таңдаңыз.
Кеңес: Бастапқы экраннан SIM менеджерін ашу үшін * пернесін басып тұрыңыз.
Негізгі қолданыс
13

Пернелерді және экранды құлыптау немесе ашу
Телефон қалтада немесе сөмкеде болғанда кездейсоқ қоңырау соғуды
болдырмау үшін телефон пернелерін және экранын құлыптаңыз.
Пернені құлыптау қосқышын сырғытыңыз.
Кеңес: Пернелерді құлыптау қосқышы қолда жоқ болса, пернелер мен экранды