Nokia C2 03 - Карталар туралы

background image

Карталар туралы
Телефонда Maps бағдарламасы бар және онда еліңіздің карталары алдын ала

жүктелген жад картасы болуы мүмкін. Maps бағдарламасын пайдалану алдында

жад картасын телефонға салыңыз.

Maps бағдарламасын тек SIM картаны ішкі SIM карта ұстауышында

пайдаланғанда ғана пайдалана аласыз.

Мәзір

>

Карталар

таңдаңыз.

Елдегі әр түрлі қалалардың карталарын шолуға болады. Сондай-ақ, мына

әрекеттерді орындай аласыз:

Ағымдағы орынды көру

Жақындағы жерге маршрутты жоспарлау

Бір орынды немесе нақты мекенжайды іздеу және сақтау

Орынды досыңызға мәтіндік хабарда жіберу

Жад картасына жүктелген карталарда қамтылмаған аймаққа өткенде, аймақтың

картасы интернет арқылы автоматты түрде жүктеледі. Карталарды жүктегенде

қызмет жеткізуші желісі арқылы деректердің үлкен мөлшері тасымалдануы

мүмкін. Деректерді тасымалдау ақысы туралы ақпаратты провайдерден алыңыз.

Сонымен қатар, карталарды жүктеу үшін Nokia Ovi Suite бағдарламасын

пайдалануға болады. Nokia Ovi Suite қолданбасын үйлесімді компьютерге жүктеп,

орнату үшін, www.ovi.com сайтына өтіңіз.

Ағымдағы орныңызды табу үшін желіге қатынасу қажет болуы мүмкін. Сізге

интернетке кіру орнын таңдау ұсынылады.
Кейбір қызметтер барлық елдерде бірдей болмауы және тек таңдаулы тілдерде

ұсынылуы мүмкін.
Сандық карталардың мазмұны кейде дәл немесе толық болмауы мүмкін. Жедел

жәрдем шақыру сияқты маңызды байланыс орнату керек болғанда, тек мазмұнға

немесе қызметке сенім артпаңыз.