Nokia C2 03 - Қос SIM карталы телефон

background image

Қос SIM карталы телефон
Құрылғыға екі SIM картасын салуға болады.

Қос SIM карталы телефонның кейбір артықшылықтары

Әр түрлі провайдерлердің қызметін пайдаланып ақша үнемдеуге болады.

Бір телефон нөмірін жеке қоңыраулар үшін, ал екіншісін жұмыс үшін

пайдаланыңыз, бірақ бір-ақ телефонды алып жүріңіз.

Провайдерлердің арасындағы байланыс аясының айырмашылығын

елемеңіз.

Құрылғы пайдаланылмағанда SIM карталарының екеуін де бір уақытта

пайдалануға болады, бірақ SIM картасының біреуі істеп тұрғанда (мысалы,

қоңырау шалу, хабар жіберу не алу, деректер жүктеу не жүктеп алу барысында)

екінші картаны пайдалану мүмкін болмайды.

Тек бір SIM картаңыз болса, оны SIM1 картасының ұстағышына салыңыз. Кейбір

мүмкіндіктер мен қызметтерді SIM картасын тек SIM1 картасының ұстағышына

салғанда пайдалану мүмкін болады. SIM картасы тек SIM2 картасының

ұстағышында болса, тек жедел қоңырау шалуға болады.
GPRS қосылымы өңде ашылмайды. Егер қолданба GPRS қосылымын

пайдаланса және сіз басты экранға оралсаңыз немесе басқа қолданбаға, мәзірге

не басқа көрініске ауыссаңыз, қосылым автоматты түрде жабылады.

Жұмысты бастау

5